Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Винченцо Нибали «Астана» велокомандасынан кетуі мүмкін - Александр Винокуров

AstanaTV
22.06.2016ж. 20:00
1884
Винченцо Нибали «Астана» велокомандасынан кетуі мүмкін - Александр Винокуров

Винченцо Нибали «Астана» велокомандасынан жыл соңында кетуі мүмкін. Бұл туралы арнамызға арнайы сұхбат берген Александр Винокуров мәлімдеді. «Тур де Франс» додасына Нибали қатысады, бірақ велокоманда капитаны Фабио Ару болады. Өйткені итальяндық велошабандоз алдағы Олимпиада ойындарына дайындалмақ.

Десек те, Александр Винокуров Нибали «Тур де Франц» көпкүндігіндегі кезеңдерді бағындыратынына сенеді. Сондай-ақ, қазақстандық команданың бас менеджері қазіргі күні Винченцо Нибалимен келіссөздер жүріп жатқанын жеткізді. Бірақ итальяндық әлі жауап бермеген. Винокуровтың ойынша, «Астана» велокомандасы жыл соңында Нибалимен қош айтысуы мүмкін.

Александр Винокуров,«ASTANA PROTEAM» бас менеджері:

Винченцо әлі жауап бермеді. Бірақ өзі үшін таңдау жасап, шешім шығарған сияқты. Олар өздері жаңа команда құрып жатыр. Бұл - менің ойым. Жыл соңында онымен қоштасатын түріміз бар. Ол өзінің келісімшартын 100 пайызға орындап шығатынына сенімдімін.

Берік ХАСЕНОВ