$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Сенаторлар мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісудің күшін жоюды ұсынды

AstanaTV
27.01.2022ж. 20:00
1270
Сенаторлар мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісудің күшін жоюды ұсынды

Сенат депутаттары мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісудің күшін жоюды ұсынды. Олар "Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" Конституциялық заңға бұған дейін, мәжілісмендер ұсынған түзетулерді мақұлдады. Нақтырақ айтсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қауіпсіздік Кеңес" және "Қазақстан Халқы Ассамблеясында" өмір бойы төрағалық ету құқығын тоқтату туралы бастаманы қолдады. Заң жобасы бүгін сенат отырысында қаралды. Депутаттар өз ұсыныстарын қосып, құжатты төменгі палатаға қайта қарауға жіберді.  

Ләззат СҮЛЕЙМЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:


Сенаторлар заңнамаға енгізіліп отырған мемлекетіміздің Қауіпсіздік Кеңесін, Қазақстан Халқы Ассамблеясын мемлекет басшысы өзінің қызметіне сәйкес басқаруы тиіс деген өзгерістерді қолдады. Сонымен қатар заңды талқылау барысында бір норма енгізіліп отыр. Ол – «Тұңғыш Президент туралы» заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты  бастамаларды Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алып тасталып отыр.

Б. Сатуов