$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"400 миллион теңге". Шымкентте алаяқтар 500-дей адамды алдаған

AstanaTV
27.01.2022ж. 20:00
1315
"400 миллион теңге". Шымкентте алаяқтар 500-дей адамды алдаған

Шымкентте алаяқтар 500-ге жуық адамды алдап, олардың мойнына 400 млн теңге несие ілген. Полицияның анықтауынша, пысықайлар  жұртты  олжалы болудың  қызықты схемасы бар деп қызықтырған.  Олар көпшілік орында кездескен адамға 1 млн теңге көлемінде  несие рәсімдесек,  300 мың теңгесі сенікі, ал 700 мыңын біз алып, барлық несиені өзіміз жабамыз  деп сендірген. Алайда несие төлейтін уақыт  келгенде уәдені үйіп төккен әйелдер ізім-ғайым жоғалған.   

Зайнидин СПАНДИЯР, ШЫМКЕНТ қ. АПБ ТЕРГЕУШІСІ:

Полиция қызметкерлерінің жедел іс-шарасы кезінде осы қылмысқа қатысты үш азаматша анықталып, олардың алаяқтық яғни бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет қылмыс жасағаны анықталды. Аталған тұлғалар күдікті деп танылып, қамауға алынды.

Құқық қорғаушылардың дерегінше, күдікті ретінде қамалған үш азаматша да- Түркістан облысының тұрғындары. Қазір полицейлер алаяқтардың  құрбаны болдық дегендерден арыз қабылдауда. Барлық арыз  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

А. Төребекқызы