Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытындағы жаңғырту жұмыстары 2017 жылы аяқталады

AstanaTV
15.04.2016ж. 20:00
1156
Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытындағы жаңғырту жұмыстары 2017 жылы аяқталады

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытындағы жаңғырту жұмыстары 2017 жылдың соңында аяқталады. Мұндай ақпарды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ресми сайтында жариялады. Ақпарға қарағанда, іске қосылған соң «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ондағы қара алтын өнімін жылына 6 млн тоннаға дейін арттыра түспек. Жаңғырту отандық тағы 2 зауытта да аяқталып қалуы тиіс. Сөйтіп, 2018 жылға қарай бензинге деген ішкі сұраныс толық қанағаттандырылмақ.

Ұлттық компания сондай-ақ келер жылы Шардара су электр стансасында да жөндеудің аяқталатынын хабарлап отыр. Қазір онда қуаттылығы 26 пайызға арттырылған 4 гидроагрегаттың біреуі қойылған. Модернизациядан өткен су электр стансасы оңтүстік аймақты 17 пайызға дейін электр қуатымен қамтымақ.

Құралай ПИОНЕР