$520.48 €574.61 ₽6.06
×

"Тәліптер 100-ден астам бұрынғы ауған шенеунігін өлтірді",-БҰҰ

AstanaTV
31.01.2022ж. 20:00
1326
"Тәліптер 100-ден астам бұрынғы ауған шенеунігін өлтірді",-БҰҰ

Тәліптер мен олардың одақтастары АҚШ әскері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін  100-ден астам экс-шенеунікті өлтірген.  Бұл туралы БҰҰ хабарлады.  Сондай-ақ,   қауіпсіздік күштерінің өкілдері және АҚШ-пен жұмыс істеген адамдар  тәліптер мен олардың жақтастарының қолынан қаза тапқан. Қудалау, қамауға алу да әлі жалғасуда. Ал халықтың жағдайы мәз емес.   9 млн ауғандық кедейшілік зардабын тартып отыр.  Жаңа биліктен жаңашылдық байқалмайды.  

Ослодағы қонақ үйлердің бірінде жабық келіссөздер жүруде. Бұл -талибандардың  Еуропадағы Батыс шенеуніктерімен алғашқы кездесуі.  БҰҰ-ның соңғы баяндамасына сүйенсек, жағдай әлі күрделенетін секілді.  Ұйымның Бас хатшысы Антонио Гуттериш 100-ден астам адам Талибан репрессиясының құрбаны болғанын мәлімдеді.  

АНТОНИО ГЕТТЕРИШ, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ:

Есепте "Ислам мемлекеті"содырларына тиесілі деп күдікке ілінген 50 адамға соттан тыс өлім жазасы кесілгені айтылды.  Құқық қорғаушылар мен БАҚ қызметкерлерін қорқытып, қудалау, тұтқындау, қатігездікпен өлтіру секілді шабуылдар әлі күнге дейін жалғасып, қауіп төндіріп тұр.

Осыдан бір апта бұрын БҰҰ-да тағы бір баяндама жарияланды, онда әлемдік қоғамдастықты Ауғанстанға көмекке шақырған. Халық тек демеушілердің арқасында  өмір сүруде.

Дебора ЛАЙОНС, БҰҰ-НЫҢ АУҒАНСТАНДАҒЫ АРНАЙЫ УӘКІЛІ:

Донорлар Ауғанстандағы саяси прогреске әлі де риза емес және одан да жігерлендіретін сигналдарды мұқият қадағалап отырғаны анық. Сондықтан, алдағы бірнеше айда біз талибандардың халықаралық қауымдастықпен болашақ қарым-қатынас жолына деген адалдығын көрсететін хабарландырулардан гөрі нақты әрекеттерді көреміз деп үміттенеміз.


Әлемдік қауымдастықпен өзара іс-қимыл әзірге гуманитарлық көмек жіберумен шектеліп отыр.   Аталмыш көмек жүктері көптеген елдерден келіп жатқанымен, 39 миллион тұрғыны бар Ауғанстанды толық қамтамасыз ету үшін ол   жеткіліксіз.

Хасал Хан МУСЛЕХ, БОСҚЫНДАР ЖӘНЕ РЕПАТРИАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ ШЕНЕУНІГІ:

Бүгін біз Оңтүстік және Батыс провинцияларына, соның ішінде Кандагар, Гильменд, Фарах провинцияларына 26 контейнер жібереміз. Өткен аптада біз Нангархар, Кунар және Нуристан провинцияларына көмек жібердік.

Құжатта 15 тамыздан бастап БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясы адам өлтіру, ұрлау және адам құқықтарының басқа да заң бұзушылықтары туралы дәйекті ақпарат алып отырғаны айтылды. Осыған байланысты Антонио Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне адам құқықтарын сақтау жөніндегі жаңа бөлім құруды ұсынды.

Д. Жарқынбек