Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

AstanaTV
31.01.2022ж. 20:00
1541
Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың үшеуі - бір үйдің адамы. Облыстық полициясы департаментінің хабарлауынша, жол-көлік апаты  Хромтау ауданының Өлке ауылы маңында болған. Өзбекстан азаматы жүргізген Мерседес ACTROS жүк көлігі жолдан тайып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Тойота Камримен соғысқан.  Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушы  көз жұмды. Жеңіл автомашинаның  сау-тамтығы қалмаған. Бұл дерек бойынша абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу бабымен  қылмыстық іс қозғалды. Өзбекстан азаматы тергеу  изоляторына қамалды.

АЙДОС ҚҰЛЖАНОВ, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осыған байланысты, жүргізушілер, қысқы мезгілде жолға шығар алдында жолдың жағдайын ескеріп, тайғақ немесе көріну мүмкіндігі азайған кезде жолда өте сақ болуға шақырамыз.

Г. Сейтенова