Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Кентауда жаңадан берілген үйлердің кем-кетігі көп

AstanaTV
01.02.2022ж. 20:00
1548
Кентауда жаңадан берілген үйлердің кем-кетігі көп

Түркістан облысындағы Кентау қаласында жаңадан берілген баспаналарда жылу жоқ. Салдарынан көпқабатты үй тұрғындары пәтерін электр энергиясымен жылытып отыр. Қос- қос тоқ пеш қосып, бойды жылытуға мәжбүр.  Алайда, электр жылытқыштарын көп қосқандықтан жарық жиі өшіп қалатын көрінеді.  Үйде ыстық су да жоқ. Сондықтан суды  да электр қуатымен жылытып отыр.  Сол себепті жарықтың ақысы қымбатқа түсіп жатыр дейді   халық. Айтуларынша,  мемлекеттік бағдарламамен  салынған бұл үйлер табиғи газбен жылытылуы тиіс болған.

Әнел МАХАТОВА, КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Обогреватель, екі обогреватель, біреуі үлкен, біреуі кішірек, соны қосып отырмыз. Газ әлі келмеді. Әні келеді, міні келеді күтіп отырмыз.  Аристонмен отырмыз, 15 мың боп келді айына кеше светтің несі.

Жаңа үйлерге күзде ғана қоныстанғандар талай жыл кезек күтіп қолы әзер жеткендіктен көктемге дейін осылай амалдаудан басқа амалымыз жоқ дейді. Жергілікті әкімдікке арыз тастағанмен жауаптары қуанта қоймапты.  Ал кеншілер шаһарының жауапты өкілі баспаналарда табиғи отынның жоқтығы әу баста ескертілген дейді. Тек кезекте тұрғындардың жағдайын ескере отырып, өздерінің келісімімен пәтер кілтін бергендерін айтады.  Айтуынша, бұл үйлерге тұрғындар әлі толық көшіп келмеген.
 
Қанат ҚОЗЫБАҒАРОВ, КЕНТАУ қ. ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қазіргі таңда мердігерлер тарапынан іші орам жүйелеріндегі қайта қысыммен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Шамамен бір аптаның ішінде қысыммен тексеру жұмыстары бітеді. содан кейін әрі қарай жұмыстарды жүргізеді. Газды біз жоспармен наурыз айына дейін құдай қаласа алып келеміз деген жоспар бар.

А. Төребекқызы