Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Қостанай облыстық кітапханасында екі ғасыр бұрын жарық көрген кітаптар бар

AstanaTV
04.02.2022ж. 20:00
976
Қостанай облыстық кітапханасында екі ғасыр бұрын жарық көрген кітаптар бар

Қостанай облыстық кітапханасында екі ғасыр бұрын жарық көрген екі мыңға жуық кітап бар.   Сирек кездесетін бұл туындыларда аймақтың жер-су аттарына қатысты құнды  дерек  көп дейді мамандар. Сондықтан оған оқырмандар жиі қызығушылық танытатын  көрінеді. Құнды кітаптарды біздің тілшіміз Заңғар Санай да парақтап көрді.    

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Сирек кітаптар  қорында екі мыңға жуық кітап сақталған. Олардың арасында осыдан екі ғасыр бұрын жарық көрген неміс, ағылшын, француз жазушыларының туындылары бар.


Облыстық кітапханада көне кітаптар қоры 45 жыл бұрын құрылған.  Қордағы әр кітап   әр түрлі жолмен жиналған.  Көне жазбаның кейбірін оқырмандар тапсырса, тағы біреуі  ескі кітапханалардан жеткізілген.  

Дәулет ЖАДЫРАСЫН, КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Кітапханада он жетінші және он тоғызыншы ғасырлар аралығында көне кириллица қарпімен шығарылған жеті кітап бар. 1778 жылғы шыққан Альфа және Омега кітабы. Онда інжілдік жазбалар, уағыздар. Апокалипстік ілімдер пайғамбарлардың айтқандары жинақталған.

Сирек кездесетін  баспаның  көбісін  цифрлық форматқа көшірдік, дейді кітапхана қызметкерлері. Мұражайда  сондай-ақ өте кішкентайлығымен, өте  үлкендігімен ерекшеленетін кітаптар бар. Тіпті алтын жалатылған құнды жәдігерлер де кездеседі.

Гүлнәр БЕКТАНОВА, ОҚЫРМАН:

Сирек кітаптар қорында осында қызықты. Екі ғасыр бұрын жазылған кітаптарды тамашалауға болады. Қолмен ұстауға болмайды.

Қордағы қазынаның ең құндысы - 1897 жылы жарыққа шыққан кітап. Ғасырдан астам уақыт  бұрын жазылған туындыда  аймақтың жер-су аттарына қатысты құнды мәліметтер көп кездеседі. Ал мына  құранды белгілі журналист Нәзира Жәрімбетова тапсырған. Баспана өртеніп,  күлге айналғанда, осы қасиетті кітап ғана сау қалған көрінеді.

З. Санай