Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ертең Қазақстанның 8 облысында тұман түсіп, көктайғақ болады

AstanaTV
04.02.2022ж. 19:00
909
Ертең Қазақстанның 8 облысында тұман түсіп, көктайғақ болады

Ертең Қазақстанның 8 аймағында тұман түсіп, көктайғақ болады. Онымен қоса қатты жел тұрады. «Қазгидромет» орталығының мамандары осындай болжам жасап, дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер ертең елдің оңтүстігі мен шығысында, ал жексенбі күні солтүстігі мен шығысында, орталықта және Алматы облысында көктайғақ болады деп отыр. Сонымен бірге таулы жерлерде секундына 22 метрге дейін жел тұруы ықтимал. Тіпті Алакөл маңында желдің жылдамдығы секундтына 30 метрге жетуы ықтимал. Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау өңірлеріне де дауыылды ескерту жасалып отыр. Мамандар қатты аяздың жоқтығы мен жел тұруы салдарынан көктайғақтан қауіп күшейетінін айтады. Сондықтан бұл күндері тұрғындарға қажеттілік болмаса тауға, алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

А. Қуаш