Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Астана опера» театры алғаш рет «Париж Құдай Анасының соборы" балетін сахнаға шығарады

AstanaTV
23.06.2016ж. 20:00
1860
«Астана опера» театры алғаш рет «Париж Құдай Анасының соборы" балетін сахнаға шығарады

Қазақстандық әртістер әлемдік балет өнерінің мэтрін мойындатып, аты аңызға айналған өнер туындысын сахнаға шығаратын болды. Бүгін «Астана опера» театрында «Париж Құдай Анасының соборы» балетінің премьерасы алдында шығармашылық ұжым баспасөз конференциясын өткізді.

Француз хореографы Ролан Петидің қойған балетін қазақ сахнасына Луиджи Бонино шығармақ. Ол біздің әртістердің шеберлігіне тәнті болып, жұмысты ойланбастан қолға алған. Негізі төрт кейіпкері бар қойылымда басты партия - Эсмеральданы Мәдина Баспаева мен Әйгерім Бекетаева сомдайды. Айта кетейік, балет Еуразия сахнасында алғаш рет қойылғалы отыр. 

Төлеубек Әлпиев, «Астана опера» МОБТ директоры:

Бізге өте қажет осындай балет. Біз «Лебединое озеро», «Баядерка», «Жизель» балеті сияқты көптеген балеттер бар ғой. Сонымен шектелмейік. Қазіргі заманның ағымына бізде сай болуымыз керек. Ол көрермендерге де қызық болады. Ол бізге де балетке де пайдалы болады.