Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада Ішкі істер қызметкерлерінің күні аталып өтті

AstanaTV
23.06.2016ж. 20:00
1533
Астанада Ішкі істер қызметкерлерінің күні аталып өтті

Бүгін Астанада Ішкі істер органдарының қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті. Кәсіби мерекені министрлік өкілдері қызметтік борышын атқаруда қаза болған қызметшілерге арналған монументке гүл шоқтарын қоюдан бастады. 

Аталған шараға министрлік басшылары, орталық аппарат қызметінің басшылары, Ішкі істер органдары мен ішкі әскер ардагерлері қатысты. Монументке гүл шоқтарын қою рәсімі аяқталғаннан кейін, қаза тапқан әріптестерінің рухын бір минуттық үнсіздікпен ұлықтады. Сондай-ақ шара барысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов полиция оқу орындарының үздіктеріне лейтенант шенін табыс етті. Сонымен қатар, ІІМ-нің бұйрығымен Орталық аппараттың және аумақтық бөлімнің 535 қызметкері мадақталды.

Мейірхан Жаманбаев, полиция генерал-майоры:

Менің айтатыным - рахмет, Ішкі істер министрлігі атынан, зейнеткерлер атынан Елбасыға осындай күнді белгілеп бергеніне. Ішкі істер қызметкерлері қоғамдық тәртіп сақтауда істеп жатқан жұмыстары көп. Кемшілік болғанымен де, істеп жатқан жұмыстар көп. Жақында болған Ақтөбедегі жағдайдың өзінде де Ішкі істер қызметкерлері өздерінің жігерлігін, өзінің еңбегіне беріктігін көрсетті.