$519.64 €609.23 ₽6.62
×

Украина тауарын Ресей арқылы тасымалдау заңнамасының мерзімі аяқталмақ

AstanaTV
23.06.2016ж. 20:00
1648
Украина тауарын Ресей арқылы тасымалдау заңнамасының мерзімі аяқталмақ

Украинадан тауар әкелуге бел бумай тұрған абзал. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық кәсіпкерлерді ұзақ мерзімді келісімшарт жасамауға шақырады. 1 шілдеден бастап Ресей арқылы тауарды тасымалдау транзиттік заңнамаларының мерзімі аяқталады. Ал Ресей тарапынан бұл мәселені бір жақты ететін ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ. Қазақстан үкіметі ресейлік әріптестеріне сауал жолдаған.

Индира Сәдуақасова, «Атамекен»  ҰКП экономикалық интеграция департаментінің директоры:

Сондықтан біз бұл мәселені неғұрлым ауқымдырақ насихаттауды жөн деп санадық. Дәл қазіргі уақытта 1 шілдеден кейін Ресей Федерациясы арқылы тауарлардың қалай тасымалданатыны жөнінде бізде ешқандай нақты ақпарат жоқ.

Жарты жылдан бері Украина тауарларын еліміздің кәсіпкерлері Белоруссияның шекараларында арнайы белгіленген темір және тас жолдар арқылы тасымалдап келеді. Тек биылғы мәлімет бойынша украиналықтармен 14 млрд АҚШ долларына 3 мыңнан аса келісімшарт жасалған.