$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Ертіс суын азайту 3 шілдеге дейін жалғасады

AstanaTV
23.06.2016ж. 20:00
1780
Ертіс суын азайту 3 шілдеге дейін жалғасады

Шығыс Қазақстанда Ертіс суын жедел азайту шаралары 3 шілдеге дейін жалғасады. Бұл - облыс әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссияның шешімі. Гидроқызметтегілер сағат сайын Ертіс пен Бұқтырма су қоймасындағы судың деңгейін қадағалап отыр. Күн сайын азайтылатын су көлемі 200 кубқа ұлғайтылмақ. Қазір бұл көрсеткіш секундына 1100 текше метрді құрады.

Облыста төтенше жағдай жарияланды. Глубокое, Шемонайха және Зырян аудандарындағы елді мекендерді су алу қаупі төніп тұр. Күні кеше Ертіс деңгейінен асып түскендіктен, бірнеше саябақты су алып кеткен еді. Жедел түрде қала әкімшілігі арнайы материалдармен жағалауды жиектеп, тұрғын үйлердің жолдарына топырақ төседі. Тұрғындар болса су деңгейін өз беттерінше өлшеп, телефон арқылы хабарлап отыр.

Владимир Липнин, Өскемен қаласының тұрғыны:

Су көбейіп жатыр. Мен белгілеп  қойғанмын. Кешегімен салыстырғанда 20 сантиметрге артыпты.

Қазірде Ертіс жағасының төңірегін түгел су басқан. Бұл көріністерді бақылап отырған тұрғындар үрейлі. Ертіс ешқашан арнасынан дәл осындай болып аспаған екен. Әрбір су алу фактісі бойынша жедел көмек көрсету топтары жұмыс істеп жатыр. 

Анастасия Скляр, ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің инспекторы:

Қазірге дейін 8 тұрғын хабарласты. Олармен психолог мамандар сөйлесіп жатыр. Су деңгейін азайту жалғасуда. Су алып кету қаупін болдырмау мен барынша алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр.