Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Әскерге бару қорқынышқа айналған ба?

AstanaTV
10.02.2022ж. 20:00
1672
Әскерге бару қорқынышқа айналған ба?

Ал мамандар жастардың бойын қорқыныш билеп алған дейді. Себебі, қазір соңғы уақытта әскерде түсініксіз жағдайлар жиілеген. Борышын өтеуге кетіп, көз жұмғандар бар. Өз-өзіне қол салғандар да кездеседі. Немесе,сапқа тұрған сарбаз аяқ астынан ауру боп қалады. Оған кім кінәлі? Тілшіміз Тәжімұрат Әлжанов оған  жауап іздеп көрді.

Осыдан бірнеше ай бұрын Нұр-Сұлтандағы бас әскери-клиникалық  госпитальда сарбаз көз жұмды.  Әскерге алынғанына 20 -ақ күн  болған түркістандық Бобир Сариевтің ата-анасы аңырап қалды.  Олардың айтуынша,  баласының денсаулығында оған дейін ешқандай шағым болмаған. Тек 3 күн бұрын тісі ауырып, ауруханаға  түскенін естіпті. Бауыр еті баласынан қапияда көз жазып қалған ата-ана сараптаманың нәтижесін әлі алмағандарын айтады.  

Гүлістан САРИЕВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Военныйчастағылар уақытында қарекет қылғанда бәлкім балам қайтыс болмай тірі қалған болар ма еді деймін. Менің сияқты қанша бала өліп жатыр. Бұлардың алдын алуға бола ма? Неге ешкім ешнәрсе айтпайды бұлар үшін. Біз ата-аналар қашанға дейін жылап, баланың артында еңіреп қала береміз ба?

Сарбаздардың өз-өзіне қол салуы, әскерден қашу, денсаулығының сыр беруі секілді жағдайлар соңғы кезде жиілеп кетті. Осындайда әлжуаздар әскерге алынған ба деп ойлайсың. Әлде әлімжеттіктің салдары ма? Психолог Қайрат Нұрмағанбетов жастардың  бойын қорқыныш билеп алған дейді. Бала өзін төмен санамас үшін өзгенің баласымен салыстырудың қажеті жоқ деп есептейді. Ал әскерде тәртіп бірінші орында тұратындығы үнемі айтылып, заң бұзғандар жазалану керек дейді.

Қайрат НҰРМАҒАНБЕТОВ, ПСИХОЛОГ:

Командирлер дисциплина ретінде жасаса. Не уставнение взаимоотношение болмаса жақсы болар еді. Коррупционный болса сондай ситуацияларды шығарса, көрсетіп. Міне аналар жазасыз қалмайды десе, халықта уверенность болады.

Қоғамда әскер туралы әртүрлі пікір бар. Бірі патриоттық тәрбие жетіспейді десе, енді бірі жастардың денсаулықтың нашарлығынан дейді.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Адалдық деген, отанды қорғау деген, ананы қорғау, жанұяны қорғау қазір мектепте аса қолданып жатқан жоқ.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
 
Менің анам жалғыз. Сол үшін әскерге барғым келмейді.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Әскерге барып келген дұрыс. Ержігіттің сынағы ғой. Барға, жоққа, ер азамат та арасында орын тауып, сондай сынақ қой.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен алдағы уақытта әскерге баруды жоспарламаймын. Денсаулығым жарамайды.

Қорғаныс министрлігі әскердегі түсініксіз жағдайларға қатысты түсініктеме берген жоқ. Әр іс бойынша тергеу жүргізіледі. Соның нәтижесіне қарай шешім қабылданып жатқанын айтады. Ал биыл көктемде 17 мыңға жуық бозбала әскерге шақырылмақ.  

Т. Әлжанов