Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Тайландта жол апатына ұшыраған отандасымыз елге орала алмай жүр

AstanaTV
11.02.2022ж. 20:00
1334
Тайландта жол апатына ұшыраған отандасымыз елге орала алмай жүр

Тайландта көлік астына түскен отандасымызға көмек қажет. 29 жастағы Вероника Бычкованың апат салдарынан сау-тамтығы қалмаған.

Аяғы мен қолы сынған жерлесімізге екі рет шұғыл ота жасалды. Дәрігерлер оған тағы 3 рет операция жасау керектігін айтқан. Вероника Бычкова Тайландтың Панган аралына демалуға кеткен, деді анасы.

Лариса МЕЛЬНИКОВА, АНАСЫ:

Вероника ұлыммен бірге Тайландқа қысқы демалысқа кеткен болатын. 5-күні күні қызымды жергілікті тұрғын көлікпен қағады. Сөйтіп ізін суытады. Қызым ес-түссіз күйде ауруханаға түседі. Балаларым бұл саяхатқа «Interteach» сақтандыру компаниясы арқылы кеткен еді.

Алайда сақтандыру мекемесінен бірде-бір көмек болмады деген ана шығынға белшесінен батқанын жеткізді. Аурухананың 3 күніне 7 мың АҚШ долларын төлеген. Елшіліктегілерден де қайран болмады дейді. Амалы таусылған соң «нұротандықтарға» жүгініпті. Партия өкілдері сақтандыру төлемдерін өндіріп алу бойынша жұмыстарды бастап кетті.

Нұрлан СЛЯМОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ, ЗАҢГЕР:

Негізі әр страховой компанияның басты міндеті уақытында осындай жағдай болған кезде. Ақшаны төлеп беруі керек. Біздің финансовый мемекемеліріміз көмек көрсетпесе осыны мәжіліс жиналысында қарастырып, заңға бір өзгерістер енгізу қажет.

Ә. Лесбек