Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ұшақ апатынан қаза тапқан 19 шекарашының отбасына өтемақы төлене ме?

AstanaTV
24.06.2016ж. 20:00
1426
Ұшақ апатынан қаза тапқан 19 шекарашының отбасына өтемақы төлене ме?

Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотта кезекті рет жеңіліс тапты. Аталған комитеттің Шекара қызметі 3 жарым жыл бұрын ұшақ апатынан қаза тапқан 19 шекарашының отбасына өтемақы төлемеу жөнінде өтініш түсірген. Алайда Астана қалалық сотының апелляциялық алқа билер кеңесі оны қанағаттандырмады.

Решение Сарыаркинского районного суда от 6 мая 2016 года по данному гражданскому делу оставить без изменений.

Еске салсақ, 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында Шекара қызметінің ұшағы құлап, бортындағы 7 экипаж мүшесі мен 19 әскери қаза тапқан еді. Содан бері өтемақыға қатысты дау толастамай тұр. Сақтандыру компаниясынан марқұмдардың отбасына берілген 1 млрд 84 млн теңге белгісіз жағдайда республикалық бюджетке аударылып кеткен. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің заңгері оны қайтаруға «қауқарсызбыз» дейді. Өйткені ол қаржы бүгінде Ұлттық экономика министрлігінің құзырында. Әскерилердің жақындарына беретін қаражат комитеттің қорында жоқ. Енді іс Жоғарғы сотқа дейін жетуі мүмкін.  

Асқар Әлімов, талапкерлер құқығын қорғаушы:

Жауап берушілер енді кассациялық шағым келтіретін шығар. Енді біздің келесі қадамымыз бірінші сатыдағы соттан орындауға сұрап аламыз да, міндетті орындауға жібереміз. Негізі жауапкер өз еркімен бұл соманы төлемеймін дегенге келтірген жағдайға апарып отыр. Әр жанұяға 57 миллионнан.