Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Оралда екі мыңнан астам жұмыс орындары бос тұрғаны анықталды

AstanaTV
24.06.2016ж. 20:00
3294
Оралда екі мыңнан астам жұмыс орындары бос тұрғаны анықталды

Оралда екі мыңнан астам жұмыс орны бір жарым жыл бойы бос тұрған. Бұл туралы облыс прокурорлары мәлімдеді. Олар 200-дей мемлекеттік мекемені тексерген. Заңбұзушылықтан аудандар да шет қалмапты. Мәселен, Бөрлі ауданында 156 жұмыс орны бос тұрған. Ал жедел жәрдем қызметінің басшылығы 139 қызметкерге мұқтаж екенін жұмыспен қамту орталығына хабарламаған. Заң бойынша бос жұмыс орны пайда болған соң, үш күн ішінде бұл туралы жұмыспен қамту орталығына хабарлануы тиіс. Ал облыста жұмыссыздар саны 3 мыңнан асады. Мекеме басшыларының салғырттығынан жұмыссыздық деңгейі азаймай отыр, - дейді прокурорлар. 

Жаннұр Ахметбек, БҚО прокуратурасының бірінші басқарма бастығы:

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті прокурорлық қадағалау шаралары қолданылды. Қазіргі уақытта прокурорлардың ұсыныстары бойынша 50-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 44 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі кезде бір айдың ішінде 54 адам жұмысқа тұрғызылды.

Еркін КАРИН