Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елордадағы ең ірі базар жаңартылмақ

AstanaTV
17.02.2022ж. 20:00
1970
Елордадағы ең ірі базар жаңартылмақ

Елордадағы ең үлкен сауда-саттық базары жаңартылып, ауқымы ұлғаяды. Мәжіліс депутаттары бас қаладағы жұмыссыздық деңгейі мен азық-түліктің бағасын бақылап қайтты. Шара барысында сауда орнында көктемнен бастап жаңа ғимарат салынатыны мәлім болды. Базар басшысы жалға алу құнын арттырмауға күш саламыз деп отыр. Дегенмен қазір саудагерлерге су, жылу, дәретхана секілді қажетті жағдайлар әлі күнге жасалмағанын жасырмады. Мұның бәрі жөндеу жұмыстары кезінде ескеріледі дейді.

Мұратбек АХМАТОВ, "ШАРЫН" БАЗАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Көктемде уже бастаймыз. Жаңа ғимараттар құрамыз. Мысалы, жоспарымызда 6000 кв жаңа ғимарт жоспарда бар. Бірінші проблема ол коммуникация. Бізге әлі коммуникация келген жоқ. Су и канализация келмеді. Соны күтіп тұрмыз.

Депутат Елдос Абақанов соңғы кезде халық тарапынан азық-түлік бағасына қатысты шағым көбейді дейді. Сол себепті тексеру жұмысын базардан бастағанын айтады. Ал базар жұмыскерлерін бәсекелестік, салық және табыс мәселелері толғандырады. Дегенмен, олардың сұранысын қанағаттандыру үшін жүйелі жоспар мен біршама уақыт керек, деді.

Елдос АБАҚАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫ МҮШЕСІ:
 
Базар басшылығының тарапынан дайындық та болғанн Оны айту керек.  Кейбір азаматтар проблема жоқ деп айтты. Бірақ проблема бар. Ең бастысы тұрғын үй мәселесі, оны қалай шешеміз. Қандай механизмдер бар, Әкімшілік өкілдері келіп отыр бізбен. Нақты ақпарат беруге тырыстық. Біақ һзімізге осы ақпаратты жазып алып, қорытынды жасап, Шешу жолдарын іздестіреміз.

Д. Жарқынбек