$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ауыл шаруашылығы саласындағы маман тапшылығы реттеуді қажет етеді

AstanaTV
24.06.2016ж. 20:00
3017
Ауыл шаруашылығы саласындағы маман тапшылығы реттеуді қажет етеді

Ауыл шаруашылығы саласындағы маман тапшылығын сенаторлар заң жүзінде шешуді көздейді. Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалған. Депутаттар Үкіметке арнайы сауал жолдады. Онда ауыл-аймақтардағы инфрақұрылымға көңіл бөлу қажеттігі баса айтылған. Сондай-ақ, Елбасы жолдауында атап көрсетілген аграрлық ғылымды дамыту және ауыл шаруашылығы үшін мамандар даярлау мәселесін қолға алу кезек күттірмейді. Сенат депутаттары осы мақсатта жоғарғы оқу орындарын аралап, кездесулер өткізуде. Астанадағы сондай басқосуда ауылға мамандар тартуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың өз деңгейінде жұмыс істемейтіні айтылды.

Айтжан Әбдіров, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің бірінші проректоры:

Кейбір мамандар барып, орналаса алмай, ана шарттар орындалмағандықтан, қайтадан қайтып келеді. Сол себептен мына жергілікті әкімшілік осы мәселелерді қолға алу керек. Неге десеңіздер, шақыруын шақырды, бірақ та мына мемлекет тарапынан берілетін мына көмек ештеңе берілген емес.

Рашит Әкімов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Қандай заңдарды болашақта қабылдауымыз керек. Сол үшін біз келіп отырмыз, сол үшін біз танысып отырмыз. Ауыл шаруашылық министрлігінен сұрап жатырмыз, осындай оқу орындарынан, жалпы ауылдарға барғанда, халықтың қандай заңдармен қалай қолдау керек, қалай дамыту керек, сол мәселелерді біз ойластырып жатырмыз. 

Берік ХАСЕНОВ