Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ақтөбеде зағип жандар массаж жасаушы мамандығы бойынша диплом алды

AstanaTV
24.06.2016ж. 20:00
2240
Ақтөбеде зағип жандар массаж жасаушы мамандығы бойынша диплом алды

Ақтөбе медициналық колледжі мемлекеттік инклюзивті білім беру жобасы бойынша тәлім алған 7 зағип жанға диплом табыстады. Олар массаж жасаушы мамандығын иемденді.

Түлектер - колледждің аталған мамандық бойынша алғашқы қарлығаштары. Олар 2 жыл бойы осы салада білімін шыңдап, оқу ғимаратында ашылған массаж орталықтарда тәжірибе жинақтаған. Нәтижесінде студенттер массаждың бірнеше түрін меңгеріп шықты. Тіпті жүйке, буын ауруларын уқалап емдеудің де қыр-сырын меңгерген.

Қуаныш Ақпақов:

Осы 2 жыл ішінде біраз нәрсені үйреніп алдық осы массаж жөнінде. Және де осы болашақта жұмыспен қамтамасыз етіп жатыр. Ол бізге өте пайдалы. Болашақта семьямызды асырауға, өзіміздің нанымызды табуға өте зор пайдасын тигізеді деп ойлаймын. 

Мансұр ЕСҚОЖИН