Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Британдықтар Еуроодақта қалмайтын болды

AstanaTV
24.06.2016ж. 20:00
1485
Британдықтар Еуроодақта қалмайтын болды

Көптен күткен референдум ақыры өтті. Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына байланысты өткізілген бүкілхалықтық шарада британдықтардың 52 пайызы одақтан кетуді қолдап дауыс берді. Бұл - елдегі учаскелердің жартысының көбінен алынған  мәліметтер. Осылайша 17 миллионнан астам халқы бар Корольдік тұрғындарының басым бөлігінің кәрі құрлық елдері қауымдастығын тастап шығуды қолдайтыны белгілі болды.

Я официально заявляю, что за выход из Евросоюза проголосовало 17,4 миллиона человек. Это означает, Великобритания проголосовала за выход из ЕС.

Ұлыбританиядағы референдум нәтижелерінен соң іле-шала қор биржаларында өзгерістер орын ала бастады. Британ фунтының долларға шаққандағы құны 10 пайызға бір-ақ түсті. Мұндай жағдай соңғы рет 1985-ші жылы тіркелген екен. Брент маркалы мұнайдың бағасы 6 пайызға арзандады. Әлемдік сарапшылар нарықтағы өзгерістер мұнымен тоқтамайды деп болжап отыр.

Ал елдің премьер-министрі Дэвид Кэмерон референдум қорытындысына байланысты отставкаға кететінін жариялады. Саясат сахнасындағы белсенді тұлғалардың бірі саналып келген Кэмерон «жаңа премьер-министр қазан айында өтетін Консерваторлар партиясының конференциясына дейін тағайындалу керек» деді.

Дэвид Кэмерон, Ұлыбританияның премьер-министрі:

Мен өз ұстанымымды нақты әрі ашық айттым. Премьер-министр ретінде елдің жағдайын жақсарту үшін қолымнан келгенді жасадым. Еуропалық одақ құрамында Британияның мықты әрі қауіпсіз боларына сенімді едім. Бірақ британдықтар басқа жолмен жүруді қалады. Сондықтан оларды тың жолға бастайтын жаңа басшы керек. Мен бұл елді жақсы көремін және қызмет еткенімді мақтан тұтамын.