Астанада
«Нұр Сұңқар» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. «Нұр Отан»
партиясының дәстүрлі жүлдесі жүзден жүйрік шыққан тілшілерге табысталды.
Биыл
230-дан астам журналистен өтініш қабылданып, 83 жұмыс іріктелген. Олар президент
тапсырмаларына сай жүзеге асырылып жатқан «Стратегия 2050», «100 нақты қадам - ұлт жоспары» бағдарламаларын насихаттаған очерк, сұхбат, мақала, теле және радио
хабарлар. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының бастамаларына сай жүзеге асырылып
жатқан оң істерді халыққа жеткізген дүниелер.
Үздік жұмыстарды арнайы комиссия
бағамдады. Оған еліміздің тұңғыш Ақпарат министрі, Мәжіліс депутаты Қуаныш
Сұлтанов төрағалық еткен. Марапатқа ие болғандар арасында біздің әріптесіміз
теле және радио журналист Ерлан Сисенов те бар. Ол «Қоғам үні» аталымы бойынша
марапатталды. Сондай ақ "Әлем-21 ғасыр" манифестін насихаттаған
«Казахстанская Правда» газеті басқарма төрағасының орынбасары Татьяна Костина
жеңімпаз деп танылды. «Нұр Отан» партиясының жұмысын насихаттауда 24 кз
телеарнасының журналисі Ерлан Игісінов үздік танылды. «Ерекше пікір» аталымын «Хабар» мен «Қазақстан»
арналарының тілшілері бөлісті. «Айқын» газетінің редакторы Бейсен Тәжібаев «Сөз
шебері» атанды. «Аймақ айнасы» сыйлығына «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Оралхан Дәуіт лайық деп
танылды.
Қуаныш
Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының
мүшесі:
«Нұр Отан» партиясы, сіздер білесіздер, көп жылдан бері қарай осы бағытта үлкен
саяси күш ретінде, бір жағынан сіздердің сондай ашықтық және әділдік
саясаттарыңызға, ұстанымдарыңызға сүйене отырып, біздің қоғамымыздың сапасын
жақсартуда сіздердің еңбектеріңізді ерекше бағалап, осындай «Нұр Отан» партиясының өзінің сіздерге беретін бағасын тиянақтап отырады.