$519.57 €612.78 ₽6.61
×

Донецк мен Луганск парламенттері Ресеймен достық туралы шартты ратификациялады

AstanaTV
22.02.2022ж. 20:00
1495
Донецк мен Луганск парламенттері Ресеймен достық туралы шартты ратификациялады

Ресей Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындап, олармен достық, ынтымақтастық және көмек көрсету туралы келісімдер жасады. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин тиісті құжаттарға қол қойды. АҚШ болса, Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялап үлгерді. Ресми Мәскеу қандай жағдайға болмасын дайын екендігін білдірді. Сондай-ақ Ресей президенті Киев билігіне үндеу жасады.

Владимир ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Киевтегі билікті басып алып, ұстап отырғандардан біз соғыс қимылдарын тез арада тоқтатуды талап етеміз. Әйтпесе, қантөгістің жалғасуы үшін барлық жауапкершілік толығымен Украина аумағында билік жүргізетін режимнің ар-ожданында болады.


Қазақстан, Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындауға асығыстық танытпайтындарын мәлімдеді. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді отандық БАҚ өкілдеріне «Біз халықаралық құқықты және БҰҰ ұстанымын ұстанамыз»,-деді. Тілшілердің: "Ресей өтініш білдірсе Қазақстан Донецк пен Луганскге өз әскерін жібере ме?",-деген сауалына да жауап берді.

Мұхтар ТІЛЕУБЕРДІ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Біз халықаралық құқықты және БҰҰ ұстанымын ұстанамыз. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бар. Оған Қазақстан мүше. Бірақ, бұл ұйымның ол жаққа әскер жіберуге құқы жоқ.

Б. Сатуов