Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы 636 млн долларды құраған

AstanaTV
14.04.2016ж. 20:00
1548
Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы 636 млн долларды құраған

Қазақстанның Еуропалық одақпен арадағы ауыл шаруашылық саласындағы тауар айналымы 636 млн АҚШ ақшасын құраған.  Оның 220 миллионға жуығы экспорттің еншісінде. Бүгін Астанада Еуропалық комиссия одағы өкілдерінің қатысумен ауыл шарушалығы министрлігінде өткен жиында осындай ақпар айтылды.

Қазақстан 2015 жылғы Еуропалық одаққа 92 мың тонна астық, 247,7 мың тонна зығыр, 15,9 мың тонна мақта және 5,9 мың тонна балық етін экспорттапты.

Асылжан Мамытбеков пен Еуропалық одақтың комиссары Фил Хоган бірқатар кесілімдерді де қарастырды. Ол Еуразиялық экономикалық одақ елдері шекарасы арқылы ауыл шаруашылық тауарларын тасымалдау мен су саясатын реттеуге қатысты. 

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Қазіргі уақытта Қазақстан Еуропалық экономикалық комиссияның арқасында үлкен бағдарлама жасап отыр. Ол «Су саласындағы ұлттық саясат» деп аталады. Осы бағдарлама бойынша біз осы жұмысты бастағалы отырмыз.