$462.36 €493.48 ₽5.99
×

ОПЕК Қазақстанда мұнай өндірісі қысқаратынын болжады

AstanaTV
14.04.2016ж. 20:00
1324
ОПЕК Қазақстанда мұнай өндірісі қысқаратынын болжады

Биыл Қазақстанда мұнай өндірісінің көлемі күніне 40 мың баррельге дейін қысқарады. ОПЕК-тің сәуір айына жасаған баяндамасында осындай ақпарат келтіріледі. Яғни Қазақстан күніне 1,56 миллион баррель қара алтын өндіреді делінген.

Еске салсақ, қаңтар айында энергетика министрі қызметінде болған Владимир Школьник 2016 жылы мұнай көлемінің өндірісі қысқармайды деп сендірген еді. Жыл соңына дейін 77 млн тонна мұнай өндіру жоспарлап отырмыз деген болатын.

Айта кетейік, мұнай өндіруші елдердің қара алтын өндірісін шектеу туралы жиыны сәуірдің 17-сіне белгіленіп отыр.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах