Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Омикроннан кейін жаңа штамм келуі мүмкін бе?

AstanaTV
24.02.2022ж. 20:00
1249
Омикроннан кейін жаңа штамм келуі мүмкін бе?

Омикроннан кейін коронавирустың жаңа штаммдары келе ме? Бұл сұрақ дүйім жұртты алаңдататыны анық. Алайда, соңғы болжамдардың барлығы пандемияның бітетін күні жақын екенін айтады. Жаңа штамм келсе, қандай болуы мүмкін? Әріптесім мамандардың пікірін біліп көрді. Сюжет көрейік!  

ДДС ұйымының бас директоры Гебреисус мырза Жаңа  жыл қарсаңында, белгілі ақын Жүрсін Ермановқа «құдалығымыз мыңжылдық болсын» деп жүрекжарды лебіз білдірген еді. Жұртты елең еткізген шетелдік құда құттықтауынан соң, араға 2  апта салып мына  жаңалықты жеткізді.

Тедрос АДАНАМ ГЕБРЕИСУС, ДДС ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:


Егер барлық ел қажетті ережелерді, қағидаларды ұстанатын болса, біз пандемияны 2022 жылы жеңіп шыға аламыз. Жаһандық деңгейде COVID-19-ды денсаулық сақтау саласынан төтенше жағдай,қауіп ретінде алыстатып,одан толық арылуымыз мүмкін.


Оның сөзінше, әр елдің 70 % халқы екпе алып, қауіпсіздік шараларын сақтап жүрсе, жеңіс жақын. Алайда, 2 жыл бойы тойдан тарыққандардың, шамасы, шыдамы шегіне жетті. Күні кеше танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа 500-ге жуық мейман шақырып, дүркіретіп той жасады. Көкпар ұтысына 10 миллион, 5 көлік, 9 ірі қара мал тіккен. Тіпті, келісі 15 мың теңге тұратын акуланы да Америкадан алдырыпты.

Акуланың етін жеп мәз болғандар, пандемияға пысқырған жоқ. Алайда, вирусолог мамандар бұрынғыдай қауіпсіздік шараларын ұстанған жөн дейді. Өйткені, ковид-19 табиғи құбылыс. Толық жойылмауы мүмкін деп отыр.

Ақнұр МҮТӘЛИЕВА, ВИРУСОЛОГ:


ДДС ұйымының болжауы бойынша егер омикрон бүкіл елде таралып бітсе, осы 2022 жылдың аяғында аяқталуы мүмкін деген болжам жасады. Бірақ, бұл дегеніміз вирустың жойылып кетуі деген сөз емес. Вирус тұмау ауруы сияқты біздің арамызда қалады. Бірақ, жаңа толқын, жаңа штамм пайда болмауы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Отандық мамандар да пандемиямен осы жылы қош айтысуымыз мүмкін екенін  жоққа шығармайды. Олардың пайымынша, омикрон барлық штаммды ығыстыратын соңғы вирус болуы ғажап емес. Бірақ, «сақтықта қорлық жоқ». 2 жыл дес бермеген вируспен ұзақ арпалысқандықтан, енді аяқты аңдап басқан жөн деп отыр.

Л. Қуанышқызы