Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстандық жүргізушілер соғыс аймағынан шыға алмай отыр

AstanaTV
28.02.2022ж. 20:00
1090
Қазақстандық жүргізушілер соғыс аймағынан шыға алмай отыр

Қазақстандық көлік жүргізушілері Украинадан шыға алмай отыр. Арнамызға хабарласқандардың айтуынша олардың қатыр шамамен 50-ге жуықтайды.  

Оралдық Нұрым Садықов Украинаға 23-ақпанда жеткен. Сол күні зауыттан ауыл шаруашылығы техникасын тиеп, Қазақстанға кері қайтуы керек болған. Бірақ кенеттен соғыс басталып кетті дейді. Оның сөзіне сенсек, бүгінде зауыттың жұмысы тоқтап тұр, өйткені жұмысшылары түгел майданға жұмылдырылған. Ал шекарадан өздігінен шықпақ болған ақтөбелік жүк көлігін белгісіз біреулер тонап, жүргізушілерінің құжатын ұрлап алыпты. Осыдан кейін алысқа ұзай алмай, кәсіпорынның ауласын паналап отырмыз, дейді оралдық азамат.

Нұрым САДЫҚОВ, ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Біз сіздерден көмек сұраймыз. Украинадан шығаруға, елімізге қайтуға. Көмектесіңдер біздерге. Енді жан-жақтың бәрінің көпірлерін жарып жіберген дейді. Жалғыз біз емес, тағы да өзбектер, қырғыздар да бар осы жақта жатқан. Біздің Қазақстаннан 50-дің үстінде машина жатыр осы Украинада. Мына зауыттың ішінде тұрмыз. Украиндар малодец, кеше тамағымыз бітіп, солар үйіне шақырып тамақтарын берді. Бір-екі күн подвалға барып қонып келдік.

Амалы таусылған жүргізушілер Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне де хабарласыпты. Министрлік өкілдері Львов қаласына жетуін сұраған. Бірақ жүргізушілер көлік пен тиелген тауарды иесіз тастап кете алмайтынын айтады. Ал таксистер шекараға дейін жеткізуге 2000 АҚШ долларын сұраған. Ондай ақшамыз жоқ, - дейді көлік жүргізушісі.

Е. Карин