$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ресейде спорт жарыстарын өткізуге санкция салынды

AstanaTV
01.03.2022ж. 20:00
916
Ресейде спорт жарыстарын өткізуге санкция салынды

Хабарымыз әдеттегідей спорт жаңалықтары жалғастырады. Онымен әріптесім Асылбек Данияр таныстырады. Асылбек, бүгін қандай ақпараттармен бөлісесің?

Кеш жарық, Амина! Бүгін Қазақстан құрамасы Түркияда ашихара каратэден өтетін Әлем Чемпионатына аттанды. Сондай-ақ, Дүниежүзілік спорт федерациялары мен комитеттері Ресейге санкция салды. Осы және өзге де ақпараттар сәлден соң

Қазақстандық паралимпиадашылар Қытайдағы  жаттығу жиындарына кірісті. Мүмкіндігі шектеулі, ерекше спортшылардың арасында өтетін байрақты бәсекеде ел намысын пара шаңғы жарысы мен пара биатлоннан 5 спортшы қорғайды. Қоржында 24 лицензия бар. XIII Қысқы паралимпиада ойындары наурыздың 4-і мен 13-і аралығында өтеді. Ашылу салтанаты 4 наурызда Нұр-Сұлтан уақытымен 22.00-де басталады. Қазақстанның туын пара шаңғы жарысынан әлем кубогінің қола жүлдегері Ербол Хамитов ұстап шығады.

Қазақстандық спортшылар ашихара каратэден өтетін Әлем Чемпионатына аттанды. Жарыс, наурыздың 2-і мен 6-ы аралығында, Түркияның Анталия қаласында өтеді. Додада ел намысын Ұлттық құраманың балалар, жасөспірімдер және ересектерден құралған командасы қорғайды. Мәдениет және спорт министрлігінің ақпарат бойынша дүниежүзілік спорт сайысына қатысушылардың саны едәуір көп.

Бокстан Әлем чемпионы Мерей Ақшалов мемлекеттік жаттықтырушы болып тағайындалды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook парақшасында жариялады. Ол 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қатысушысы. «Astana Arlans» командасының сапында Бүкіләлемдік бокс сериясының 2011 жылғы күміс жүлдегері. 2013 жылғы Әлем және Азия чемпионы. 2013 жылы Азия құрлығының үздік боксшысы болған.

Мерей АҚШАЛОВ, БОКСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

Еңбек ету үшін дайынмын.  Біздің қазақ елінің боксын дамытуға  бар күшімді саламын.  Өздеріңіз білетіндей кезінде бокстастық,  енді боксқа қызмет ету үшін келіп отырмын.

Ресейде бокс жекпе-жектері мен пен турнирлерін өткізуге санкция салынды. Prosports.kz порталы осындай ақпарат таратты. Дүниежүзілік бокс ұйымы, Халықаралық федерация, Дүниежүзілік бокс кеңесі және Дүниежүзілік қауымдастық ұсынысты бірден мақұлдаған. Кеше Халықаралық Олимпиада комитеті спорт федерациялары мен турнир ұйымдастырушыларына ресейліктер мен беларусьтерді жарысқа қатыстырмауды, қатысқан жағдайда да, олар бейтарап статуста болуын ұсынған еді.

Менде бүгінге осы. Назар аударып тыңдағандарыңызға рақмет! Елдегі және әлемдегі спорттың басты оқиғаларын бірінші болып бізден біліңіздер. Амина, сөз сенде.

Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.

А. Данияр