Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Мемлекеттік қызметтер 100% смартфон арқылы қолжетімді болуы тиіс", - А.Смайылов

AstanaTV
01.03.2022ж. 20:00
636
"Мемлекеттік қызметтер 100% смартфон арқылы қолжетімді болуы тиіс", - А.Смайылов

Мемлекеттік қызметтер 100% смартфон арқылы  қолжетімді болуы тиіс. Үкімет басшысы жауапты министрлерге  тапсырма берді. «Цифрлық Үкіметтің»  жаңа архитектурасын құру да аталған міндеттеменің қатарына кіреді. Әлихан Смайыловтың айтуынша, ең әуелі халық ең көп жүгінетін әлеуметтік-еңбек салаларына цифрлық трансформация қажет. Көмекке мұқтаж адамдарға барлық қызмет қолжетімді болуы керек, дейді. Яғни, олардан өтініштің түсуін күтпей-ақ     алдын-ала хабарлама жіберу арқылы жаңа механизм енгізу қажет. Бұл жұмыспен қамту саласындағы  қызметтерді де оңтайлы етіп,  ашықтықты  қамтамасыз етуге  ықпал етпек. 


Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Жұмыс іздеген азаматтардың кемінде 40 пайызына онлайн режимде қызмет көрсетілу керек. «Отбасының цифрлық картасы» жобасын іске асыру жұмыстарын  25-ші наурызға дейін аяқтасын. Еңбек министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен және әкімдіктерімен бірлесіп  мүгедектікті сырттай белгілеу» жобасын медициналық ақпараттық жүйелерге 1-ші маусымға дейін қоссын.

Сонымен бірге, Президенттің кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды азайту бойынша берген тапсырмасын жүзеге асыру жайы сөз болды. Қазір бизнестегі шамадан көп әкімшілік жүктемені жою көзделіп отыр, деді Үкімет басшысы.

А. Данияр