Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Геосаяси жағдайдың Қазақстанға тигізетін кері әсері қандай?

AstanaTV
03.03.2022ж. 20:00
2224
Геосаяси жағдайдың Қазақстанға тигізетін кері әсері қандай?

Геосаяси жағдайдың Қазақстанға тигізетін кері әсері қандай болмақ? Оған төтеп беруге бағытталған топтама, бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында талқыланды. Президенттің айтуынша, Үкімет құрған Дағдарысқа қарсы шараларды үйлестірудің жедел штабы, Ресейге салынған санкциялардың экономикаға тигізетін әсерін жан-жақты талдап, жағдайдың қалай өрбитініне қарап шара қабылдауы тиіс. Сондай-ақ,  алдағы іс-қимылдардың бірыңғай жоспарын құру қажет. Мемлекет басшысы Үкіметті бұл бағытта шұғыл әрекет етуге және бизнес қоғамдастықпен тығыз байланыста жұмыс істеуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық талдау негізінде кәсіпорындарды, қажет болған жағдайда, халықтың жекелеген топтарын қолдау шараларының топтамасын дайындауды тапсырды.

Т. Әлжанов