Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Депутаттар халықпен жұмыс жүргізудің жаңа формалары мен әдістерін енгізбек

AstanaTV
03.03.2022ж. 20:00
927
Депутаттар халықпен жұмыс жүргізудің  жаңа формалары мен әдістерін енгізбек

«АМАNАТ» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы фракциясының  депутаттары   халықпен жұмыс жүргізудің  жаңа формалары мен әдістерін енгізбек. Барлық мәселе   ашық әрі айқын болуы керек дейді олар. Бірінші кезекте бастауыш партия ұйымдарының жұмысы қайта қаралады. Сондай-ақ, 15 сәуірге дейін депутаттар облыстағы барлық елдімекенді аралап, сайлаушылармен кездеседі.

Даниал АХМЕТОВ, ШҚО ӘКІМІ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Міндет анық. Мәслихатқа келерде әрбір депутат әлеуметтік желілердегі қоғамдық пікірталастардың өзегін білуі керек. Ол үшін  депутаттар өз  аудандарына барып,   қорықпай барлық мәселені көріп, оны шешуді өз мойнына алуы керек. Және   қағаз жүзінде ғана емес, нақты іспен айналысып шешуі керек.

Шығыс Қазақстанда -түсті металлургияның орталығында,  мамандар тапшылығы мәселесі өте өзекті.  Партия  бағдарламасына университет пен колледж түлектерін ғана емес, мектеп бітірушілерді де қызықтырып, ынталандыратын нақты әлеуметтік және басқа да жобаларды енгізу қажет дейді  мәслихат депутаты Зоя Новолодская.

Зоя НОВОЛОДСКАЯ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Елімізде техникалық мамандық иелерінің мәртебесін көтеру керек, жастар өзі қызығып келетіндей болуы керек.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес  және облыс деңгейінде жастардың  әлеуетін арттыру, оларды ынталандыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Бұл- өте маңызды. Жеңілдікпен ипотека беру де қарастырылған.  

Ә. Дүкембаева