$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы былтыр 4,1 миллиард доллардан асты

AstanaTV
04.03.2022ж. 20:00
991
Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы былтыр 4,1 миллиард доллардан асты

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы былтыр 33 пайызға өскен. Яғни 4,1 млрд доллардан асты. Бұл жайында тараптардың үкіметаралық комиссиясы отырысында белгілі болды. Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланған. Туризм, геология, денсаулық сақтау және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Сондай-ақ, екі ел арасындағы әуе компанияларының географиясын кеңейтіп, тұрақты рейстер санын арттыру қажеттігіне назар аударылды. Жиын барысында экономикалық ынтымақтастық бойынша жан-жақты келіссөздер жүргізіліп, 68 тармақтан тұратын бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Біз бүгін 68 тармақтан тұратын Бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдадық. Онда сауда, өнеркәсіп, инвестиция, көлік пен транзит және тағы басқа салалар қамтылды. Бүгінгі келіссөздердің нәтижесі қазіргідей күрделі кезеңде бірлігімізді нығайтуға және бауырлас халықтарымыздың мүддесіне қызмет ететініне сенімдімін.

Б. Сатуов