Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қарағанды облысында ірі көлемде есірткі затын тасымалдаушы ұсталды

AstanaTV
14.04.2016ж. 20:00
1275
Қарағанды облысында ірі көлемде есірткі затын тасымалдаушы ұсталды

Қарағанды облысында 10 келі героинмен Өзбекстан азаматы ұсталды. Облыстық ІІД дерегінше, ол солтүстік облыстары арқылы өтіп, аса ірі көлемдегі есірткіні Ресейдің «қара нарығына» сатпақ болған. Есірткі бизнесімен күрес қызметкерлері героинді «Алматы-Екатеринбург» тас жолында кетіп бара жатқан «Лада» автокөлігін тінту кезінде тауып алған. Мамандардың айтуынша, «жасырын сауда айналымында» оның бағасы 70 миллион теңгеге жуықтайды.


Ерлан Омарбеков, Қарағанды облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары:

Ұсталған азамат - халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі. Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарына ұзақ уақыт бойы есірткі, оның ішінде «ауған героинін» тасымалдаған. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді осы қылмыстық топтың басқа мүшелерін табу үшін, жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Айжан ҚУАШ