Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Елді алдаған үшеу 180 мың долларды қалтаға басқан

AstanaTV
14.04.2016ж. 20:00
1549
Елді алдаған үшеу 180 мың долларды қалтаға басқан

Жоғарғы оқу орнының магистратурасы мен докторантурасына түсіреміз деп талайды сан соқтырған күдіктілер 180 мың доллар пайда тапқан. Енді олар 15 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді. Оның айтуынша, ұсталған үшеу бұрын білім саласында жұмыс істеген. Полицияның дерегінше, сол уақытта ғылыми дәреже алғысы келетін азаматтарды кез-келген жоғары оқу орындарының магистратурасы мен докторантурасына түсіреміз деп, алдап ақша алған. Екі ер және әйел адамның арбауына 67 адам іліккен. Бүгінгі күні сегіз адамның өтініші бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

Сұрақ-жауап барысында бір-біріне сілтеп отыр.  Мына менің идеям емес, қасымдағы нөкерімнің, сыбайласымның ұсынысы деп, бір-біріне жала жауып отыр. Дәлелденген  жағдайда 15 жылға дейін  бас бостандығынан айыру мерзімі көзделіп отыр.  Қылмыстық кодекстің 190 бабының 4 тармағы бойынша қылмыстық істер тергелуде.

Айгүл ЕРМАХАН