$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Атырауда «мектепке бомба» деп елді дүрліктірген жалған террорист іздестіріліп жатыр

AstanaTV
05.03.2022ж. 20:00
1112
Атырауда «мектепке бомба» деп елді дүрліктірген жалған террорист іздестіріліп жатыр

Атырауда «мектепке жарылғыш зат қойылды» деп елді дүрліктірген жалған террорист іздестіріліп жатыр. Ол хабарламаны  мектептің электронды почтасына  жіберген.  

Бұл жағдай бүгін Авангард ықшам ауданындағы мектептердің бірінде  болды. Екінші сабаққа кірген мұғалімдер мен оқушылар дереу сыртқа шығарылды. Полиция  жарылғыш затты іздестірді, ал балалар ауа-райының қолайсыздығына байланысты үйлеріне қайтарылды.  Айта кетейік, осыдан 3 күн бұрын да білім ордасында бомба бар деп хабарлаған Атырау тұрғыны  ұсталған.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Полицейлер 1300- ге жуық мектеп оқушылары мен қызметкерлерін эквакуациялады. Сондай-ақ мектепте ешқандай жарылғыштың жоқ екендігін анықтады. Қазіргі таңда мектеп әкімшілігінің ресми парақшасына осындай хабарлама таратқан  тұлғаны анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Б. Надірқызы


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах