Мереке қарсаңында гүл саудасы қызып жатыр. Бірақ биыл оның бағасы біршама қымбаттаған. Алайда жұрт оған қарап жатқан жоқ. Сатып алушы көп. Мамандардың айтуынша, елімізде тауар айналымы едәуір өскен. Өткен жылы ол 44,2 миллион АҚШ долларына жетті дейді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда едәуір жоғары. Қаңтар-ақпан айларында елге 1000 тоннадан аса гүл әкелінген.
Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:
Көктем. Халықаралық әйелдер күні. Бұл сөздер естілгенде әрине, көзімізге гүлдің елестейтіні сөзсіз. Табиғаттың әсем жаратылысы- мерекенің негізгі сәнінің бірі. Дәл қазір гүлге деген сұраныс өте жоғары. Есесіне бағасы да қымбаттаған.
Елордадағы гүл дүкенінің қызметкерлері гүл бағасының өсуіне доллардың көтерілгені себеп, дейді. Жылдағымен салыстырғанда биыл бірнеше есе қымбаттағанын айтады. Бірақ сонда да сатып алушылардың санында шек жоқ.
Ксения ПАВЛОВА, ГҮЛ ДҮКЕНІНІҢ ӘКІМШІСІ:
Егер былтыр раушан гүлі 500-600 теңге болса, биыл 1000-1200 теңге. Қызғалдақтардың бағасы қымбаттады. Бір данасы - 800 теңге. Бұған дейін ондай баға болмаған.
Жауапты министрлік өкілі елде гүл бизнесінің даму қарқыны жоғары екендігін жеткізді. Елге көбіне раушан, лала, орхидеялар гүлдері экспортталады, дейді.
Әлішер ӨМІРЗАҚ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
2021 жылы Қазақстанда гүл сауда айналымы 44 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 34 пайызға жоғары.
Жыл басталғалы Қазақстан 1000 тоннадан аса гүл сатып алған. Тауардың жалпы құны- 8,5 млн АҚШ доллар. Гүл негізінен Нидерланды, Бельгия, Германиядан әкелінген.
А. Данияр