$538.54 €628.31 ₽6.7
×

Қызылордада демалыс орындарының бірінде әйелді пышақтап кетті

AstanaTV
09.03.2022ж. 20:00
Қызылордада демалыс орындарының бірінде әйелді пышақтап кетті

Қызылордада демалыс орындарының бірінде  әйелді пышақтап кетті.  Оқиға ғимараттағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция басқармасының мәліметінше, екі адамның  арасында жанжал болған. Олардың бірі- 25 жастағы жігіт қасындағы әйелге пышақ жарақатын салған. Қазір 30 жастағы жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр. Ал күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Нариман АБЛАКИМ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ТЕРГЕУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен және 99-бабының 1-бөлінімен қылмыстық іс тіркеліп, «яғни адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуға оқталу» дерегімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру әрекеттері жүргізілуде.

М. Тоқтасынқызы