Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Атырау облысында аудан халқы бес күннен бері жарықсыз отыр

AstanaTV
09.03.2022ж. 20:00
1965
Атырау облысында аудан халқы бес күннен бері жарықсыз отыр

Атырау облысында бір мезетте 12 ауыл бірнеше күн бойы жарықсыз қалды.  Құрманғазы ауданында жаңбыр аралас қар жауып, желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жеткен. Соның салдарынан 300-ге жақын электр бағаны құлап, он мыңнан астам үйде жарық өшті.

Жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанына бүгін бесінші күн. Бірақ бірнеше ауылға, яғни мыңға тарта үйге әлі электр энергиясы қосылған жоқ. Мамандар электр желісінің бойында қатқан мұзды, көлік үстінде тұрып, күрекпен ұрып, сындырып жатыр. Ал жұмысшы бригадасын күтіп шаршаған кейбір тұрғындар, желілерді өз беттерінше жалғап алған. Жарықпен бірге жылу да, ауыз су да тоқтаған. Халық мұның бәрі  электр желілеріне ұзақ жылдар бойы күрделі жөндеу жүргізілмегендігінен екенін айтып, шағымданды. Жауаптылар  бұл жағдайды табиғи апаттың салдары,- дейді.

Игорь ӘБУҒАЛИЕВ, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
 
Стихиный бетствие. Атырау жарықта жұмыс жасағаныма 28 жыл болды.  Осындай ауа райы болған жоқ.  Қар сымға отырып,  мұз болып кетіп жатыр ғой. Сым ауыр болып, қатты желменен соқа ұстамай құлап жатыр. Тұрғызып, сымын тартып, жұмыс бітіріп жатырмыз.

Б. Надірқызы