"Тұйыққа тірейтін баспалдақ". Қостанай әуежайы тағы көпшіліктің қызу талқысына түсті. Олар күрделі жөндеуден өткен нысанның бекер тұрған баспалдағын сынға алды.
Бітеу қабырғаға апаратын баспалдақтың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Әуежай өкілдерінің айтуынша, жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Жұмыс біткенше баспалдақ тұсындағы есікті жаба тұруды ұйғардық дейді.
Александр АНДРЕЕВ, «ҚОСТАНАЙ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК-ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Жолаушыларға жөндеу жұмыстарының сүреңсіздігін көрсетпеу үшін қоршап қойдық деуге болады. Жұмысшылар жұмыс істеуде. Сондықтан жаба тұру туралы шешім қабылданды. Бірақ қазіргі таңда есік тұр. Бәрі кестеге сай жүріп жатыр.
З. Санай