Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Алматыда ұрланған қару-жарақтардың ірі партиясы тәркіленді

AstanaTV
09.03.2022ж. 20:00
1118
Алматыда ұрланған қару-жарақтардың ірі партиясы тәркіленді

Алматыда ұрланған қару-жарақтардың ірі партиясы тәркіленді. Пневматикалық тапанша, екі пышақ, оқ-дәрі сынды құралдарды күдікті қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде  қолды қылған.   Көліктегі Полиция Департаменті тергеу барысында  күдікті ретінде ұсталған 23 жастағы Өзбекстан азаматының  әуежайды басып алмақшы болғандардың бірі екенін анықтаған. Оның қасындағы сыбайласы да табылды. Пневматикалық қарулар мен оларға арналған патрондарды олар  дүкеннен алған.   

Ләззат ҚАСЫМЖАНОВ, ҚР ІІМ КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдіктілердің басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Олардың серіктестерін анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылдануда.

Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша,  қаңтар оқиғасы бойынша  82 қылмыстық іс тіркелген.  Соның 41-іне қатысты үкім шығарылған. Ең жеңіл жаза -"Ұсақ-түйек жымқыру" бойынша 40 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылғандар бар, ең ауыр жаза -  "Ұрлық" бойынша кінәлі деп танылғандар 2 жарымнан 4 жылға дейін бас бостандығынан  шектелген.   

Ә. Лесбек