Қызылорда облысында бір жасар тай адамның айтқанын бұлжытпай орындайды. Әлеуметтік желіде тараған видео жұрттың қызығушылығын туғызды.
Бейнежазба авторының айтуынша, бұл Арал өңірінде түсірілген. Иесі жетектеп бара жатқан тайдың аты-Ақтабан. Ақылды түлік кейуананың бар айтқанын орындайды. Тіпті қолынан қантты алып, дауыс шығарады. Жылқының сүйкімді төлінің бұл қылығы жұртты сүйсінтті.
Ә. Дүкембаева