Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алимент төлеуден жалтарған тұрғын бас бостандығынан айырылды

AstanaTV
27.06.2016ж. 20:00
1448
Алимент төлеуден жалтарған тұрғын бас бостандығынан айырылды

Алимент төлеуден жалтарған тұрғын бас бостандығынан айырылды. Бұл перзентіне қарасудан бас тартқаны үшін түрмеге түскелі отырған Қазақстандағы алғашқы адам. Маңғыстау облыстық кәмелетке толмағандар жөніндегі соты ақтаулық азаматқа осындай үкім кесті. Бұған дейін бұл санаттағы борышкерлердің жазасы бостандығын шектеу ғана болатын.

Айдарбек Тіленов, МО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

Бұл азаматқа қатысты 2015 жылы бірнеше рет бостандығын шектеу туралы үкім шықты. Бірақ ол тиісті қорытынды шығарған жоқ. Кәмелетке толмаған үш баласына алимент төлеуге де ешқандай әрекет жасамады. Қарызы бір миллион теңгеден асып жығылады.

Енді Жетібай ауылының тұрғыны 10 ай мерзімге жалпы режимдегі колонияға қамалады. Дегенмен бұл жаза оны жауапкершіліктен босатпайды, балалары алдындағы қарызы сақталады. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы бойынша алиментке қарыз 7 мыңнан астам борышкердің ісі жатыр.