Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қостанайда бағдаршамдардың бірі дұрыс істемей тұр

AstanaTV
27.06.2016ж. 20:00
1441
Қостанайда бағдаршамдардың бірі дұрыс істемей тұр

Қостанай көшелерінің біріндегі жаңа бағдаршам көлік тізгіндеген азаматтарды әбігерге салды. Оның жасыл түсі жоғары жағында, ал қызыл түсі, керісінше, төменде орналасқан. Бағдаршамды бүгін қайта жөндеуге тура келді. Салаға жауапты мамандар оның маңызды бір  бөлшегі істен шыққанын айтады. Ерекше бағдаршам алдағы уақытта да дұрыс бағыт көрсетпейтін болса, билік өкілдері оны жаңасына ауыстыратынын айтады.

Бір анығы, Қостанайда бағдаршам жөндеумен айналысатын арнайы кәсіпорынның болмауынан, қаладағы бағдаршамдар көпке дейін қараусыз қалған. Енді бұл қызметті жеке кәсіпкер қолға алыпты.

Михаил Гуцалов, мердігер:

Бағдаршамның акселерометр деген тетігі бар. Сол істен шыққан. Бұл бөлшек түстердің дұрыс жанып тұруын қамтамасыз етеді.