Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жасы алпыстан асқан ардагерлер волейболдан сайысқа түсті

AstanaTV
14.03.2022ж. 20:00
944
Жасы алпыстан асқан ардагерлер волейболдан сайысқа түсті

Жасы алпыстан асқан ардагерлер волейболдан сайысқа түсті. Қазақстан Респбликасы ардагерлері волейбол федерациясы президентінің кубогы сарапқа салынған бәсекеге 10 команда қатысты. Аталған федерацияның құрылғанына 4 жыл болған. Қазір барлық облыста филиалдары бар. Яғни, ардагерлер волейболмен тұрақты шұғылданып жүр. Сондықтан болар бәсекелестік өте жоғары деңгейде өтіп, кездесулер тартысқа толы болды. Сайыста Нұр-Сұлтан, Семей, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Түркістан командалары бақ сынады.  Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша, қарсылас шақ келтірмеген Алматы облысының командасы жеңімпаз атанды. Шығысқазақстандықтар екінші тұғырдан көрінсе, үздік үштікке Ақтөбе мен Павлодар облыстарының командалары лайық деп танылды.

Әсет ӘДІЛХАН, ҚР АРДАГЕРЛЕРІ ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Өзіміздің ардагерлердің денсаулығына, балаларрға үлгі болуға, елімізде осы спортты дайындау, әрі қарай арттыру үшін осындай волейбол федерациясын құрып, бүгінгі күні Қазақстанның барлық облыстарынан ардагерлер командалары келді.


Т. Әлжанов