«Amanat»-тың жүгі ауыр, жауапкершілігі зор. Партияның атауымен бірге, атқаратын ауқымды жұмыстары да өзгереді. Ел аманатын арқалаған саяси құрылым мемлекеттің дамуына елеулі үлес қосып, көпшіліктің мүддесін көздейді. Тобыл өңіріндегі партия өкілдері мен мәслихат депутаттары қайта түлеген ұйымның халық қолдауына ие болатынына сенеді.
Мемлекет басшысы жетістікке жеткізер жеті бағыт, жеті қадамды айқындап берді. Саяси құрылымның ендігі мақсаты жүктелген міндетті жүзеге асыру. Межеге жету жолында - ел мүддесін көздеген бастамаларды көп болып қолдап, бұра тартпай бірігіп жұмыс істеу керек, дейді аманаттықтар.
Марал ДОСЫМОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АМАНГЕЛДІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНІШ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл енді бір күндік жұмыс емес өзгерту. Сондықтан да осы біздің партияластарымыздың арасында алдағы уақытта үлкен көптеген жұмыстар бар. Сондықтан да сол жұмысты барлығымыз бірге атқаруға шақырамын.
Халықтың тұрмысын түзеу, әлеуметтік жағдайын жақсарту. Жұмыспен қамту. Табысын арттыру. Өзге де өзекті проблемаларды шешу жолында, мемлекеттік органдар жаңа бағытта жұмыс атқаруы тиіс.
Қырмызы ЖАҢБЫРШИНА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Экономика саласында. Саяси реформалар керек. Әлеуметтік мәселелер көп. Білім саласында, денсаулық сақтау саласында көптеген реформалар, барлық мемлекеттік институттар бірдей жұмылып жаңағы президенттің қасына топтасып елімізді тығырықтан алып шығатындай, жаңартатындай бағыт, бағдарлама жасалып жатыр деп ойлаймын.
Алдағы уақытта партия ісіне жастарды белсенді араластыру мақсатында аймақтық семинар өтеді. Іс шара барысында мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардың практикалық әдіс жолдары қарастырылады дейді, партия өкілдері. Сонымен қатар көшпелі қабылдау жұмыстары да қарқынды жүргізу жоспарланған.
Бибігүл АҚҚОЖИНА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Депуттатық корпус жұмысының сыртында, көшпелі қоғамдық қабылдаулар көбейе түседі. Ең шалғайдағы елді-мекендердегі тұрғындардың түйткілін анықтаймыз. Партиялық шараларға түрлі басқарма өкілдері мен аудандық, облыстық мәслихат депуттары да атсалысады.
Көшпелі қабылдау өткізу - партия төрағасының тікелей тапсырмасы. Партия белсенділері оны орындауды бастап кетті. Көшпелі мобильді топтар өңірдің түкпір-түкпірін аралап, облыс орталығынан алыстағы ауыл тұрғындарына айрықша көңіл бөлуді мақсат еткен.
З. Санай