Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қызылордалық азамат өртенген көлігінің өтемақысын ала алмай жүр

AstanaTV
17.03.2022ж. 20:00
712
Қызылордалық азамат өртенген көлігінің өтемақысын ала алмай жүр

Қызылордалық Ерлан Исмайлов "Қаңтар оқиғасы" кезінде өртенген автокөлігінің өтемақысын кімнен сұрарын білмей жүр. Айтуынша, тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер көлігін өртеп жіберген. Қазір қаңқасы ғана қаңтарылып тұр. «Кезінде несие алып, маңдайтеріммен тапқан дүниемнің ақысын төлесін» дейді. Талабын айтып екі жарым айдан бері талай табалдырықты тоздырған. Алайда әзірге ешқандай нәтиже жоқ дейді.

Ерлан ИСМАЙЛОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Арызданып біраз жерге бардық. Сақтандыру компанияға бардық. Сақтандыру компания төлеуден бас тартып отыр. Төлемейміз деп. Өртенген машинаға біз жауап бермейміз деп. Сонда жеке, біз сияқты адамдардың адал еңбегімізге алған автокөлігіміз мынандай жағдайға түскенде кім көмек береді енді?!

Жалпы, Қызылордада болған жаппай тәртіпсіздік кезінде бұзақылар 27 тұрғынның көлігіне зақым келтірген. Ал оның 13-ін өртеп жіберген.

М. Тоқтасынқызы