Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Түркістан облысында бірнеше көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды

AstanaTV
17.03.2022ж. 20:00
1004
Түркістан облысында бірнеше көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды

Түркістан облысында бірнеше көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Сарыағашты бетке алған «NISSAN URVAN»  автокөлігі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен.

«NISSAN URVAN» автокөлігі,  жүк тиеген Литва Республикасына тиесілі «MAN» маркалы көлікке соғылған. Сол мезетте оларға  «AUDI» кеп түйісіпті. Полицияның мәліметінше, жол апатына себепкер жеңіл автокөлік  жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ал «AUDI» жүргізуші ауыр дене жарақаттарын алған. Ол аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жол сақшылары қазір апатқа не себеп болғанын анықтамақ. Полицейлер өңірдегі ауа райына байланысты жолда аса сақ болуға шақырады.  

Төлен МЕДЕТОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары және қонақтары! Сіздерді ауа райының қолайсыздығына байланысты,  жолдың тайғанақтығына байланысты Сіздерді жол жүру ережесін қатаң сақтауды және де жылдамдықты асырмауды , абайлап, асықпай сақ болып жүрулеріңізді сұранамыз.


А. Төребекқызы