Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жол-көлік оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда 54 пайызға өскен

AstanaTV
17.03.2022ж. 20:00
805
Жол-көлік оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда 54 пайызға өскен

Елімізде бір айда 160-тан астам адам  жол апатынан көз жұмған. Бұл  өткен жылмен салыстырғанда 54 пайызға көп.  Депутаттар бұған алаңдаулы. Сенатор Ақмарал Әлназарова  депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, оқыс оқиғалар жол инфрақұрылымының нашарлығынан, жүргізуші куәлігін беру кезінде бақылаудың болмауынан, сондай-ақ полицейлердің алғашқы медициналық көмек көрсетудегі практикалық дағдыларының жеткіліксіздігінен болады.  Оны Үкіметке нақты мысалдармен жеткізген депутат, мәселенің салдарымен емес себебімен  күресу қажет дейді.

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітім бойынша Қазақстан 107-орында тұр. Халықаралық сарапшылар жол-көлік оқиғаларынан болатын еліміздің экономикалық шығындары жалпы ішкі өнімнің 3% көлемінде деп бағалаған, соңғы 5 жылда 1 971 адам жол апаты себебінен мүгедектікке тап болды.

Б. Сатуов