Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қаңтардағы қақтығыс кезінде Алматы әуежайын тонағандар ұсталды

AstanaTV
17.03.2022ж. 20:00
1274
Қаңтардағы қақтығыс кезінде Алматы әуежайын тонағандар ұсталды

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын тонады деген күдікпен апалы-сіңлілі екі әйел  ұсталды. Олар әуежайдағы дүкендерден 130-ға жуық парфюмерлік және косметикалық өнім, сондай-ақ,  90-нан астам дәрі-дәрмек пен қымбат алкогольдік ішімдікті қолды қылған. Көліктегі Полиция Департаменті олардың қасында тағы бір ер адамның болғанын хабарлады. Күдіктілердің дүкен ішінде емін-еркін жүргені  бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Данияр САТЫБАЕВ, КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ ТЕРГЕУ ТОБЫНЫҢ ТЕРГЕУШІСІ:
   
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. 40 жастағы ер адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. 34 жастағы және 26 жастағы екі әйел  балаларының болуына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.


Ә. Лесбек