Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Донецкое ауылының тұрғындары үйді жөндеуге берілген қаражаттың аздығына наразы

AstanaTV
14.04.2016ж. 20:00
1094
Донецкое ауылының тұрғындары үйді жөндеуге берілген қаражаттың аздығына наразы

Солтүстік Қазақстан облысында қызыл судан зардап шеккен Донецкое ауылының тұрғындарына өтемақы төлеу басталды. Ол үйге келген шығын үшін беріліп жатыр. Алайда, бұқараның мемлекет бөлген қаражатқа көңілдері толмай отыр. Олардың пікірінше, үйлерді бағалаушы комиссия әділ баға берген жоқ.

Иван Дробязко, Донецкое ауылының тұрғыны:

Үйдегі жерқойма мен пештің өзін қалпына келтіруге жүз мыңнан артық ақша керек. Мен жиһазымды айтып отырған жоқпын. Ал бізге бергендері 120 мың теңге ғана. Мұндай бағаларды қайдан алғандары белгісіз. Тұрғындардың басым бөлігі келіспей отыр. Енді прокуратураға жүгінетін шығармын.

Еске салайық, наурыз айының соңында облыстағы Донецкое ауылындағы 20 шақты үйге тасқын су кірген еді. Дегенмен жергілікті атқамінерлер зардап шеккен тұрғындарға өтемақы заңға сай төленді деп отыр.

Ержан Иманслям, СҚО Тайынша ауданының әкімі:

Үйін су алып қалғандарға шамамен жүз мыңнан, ал тек ауласына кіргендерге 50 мыңнан берілді. Өтемақы мөлшері тәуелсіз бағалау компаниясының берген қорытындысына сәйкес қойылды. Егер тұрғындар онымен келіспесе, сот арқылы шағымдарын жеткізуге болады. 

Абзал ҚҰРМАНКИН